Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінің 5 “А, Ә, Б, В” сынып оқушыларын…

ЖББ Қарақұдық мектебінің 5 "А, Ә, Б, В" сынып оқушыларын салтанатты түрде "Жас Ұлан" бірыңғай балалар ұйымына қабылдау жиыны өтті.
Биылғы 2024-2025 оқу жылында "Жас Қыран" ұйымының қатарына 73 оқушы қабылданды.
Тәуелсіздік мерекесімен қатар келген шараның мәні зор.
Егемен елдің озат, ақылды, ғылымға ұмтылатын жас өрендерінің ертеңіне сеніммен қарайтын күніміз көп болсын!
"Жас Ұлан" ұйымына қабылданған әр оқушының міндеттері бар:
-Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

Қазақстан Республикасының туындағы күннің түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.

Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
Және ең бастысы: Жас Ұлан ұйымының мүшесі – Отанының адал азаматтары.
#жасұланбіздіңболашағымыз2024-2025

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *