ЖББ Қарақұдық мектебінде "Тәуелсіздік – елімнің бақыты" атты мерекелік жиыны өтті.
Жиын ҚР-ның Әнұранын айтумен басталды.
Мерекелік жиын атаулы күндері өтеді. Мерекелік шара барысында патриоттық әндер шырқалып, желтоқсанға байланысты ақындардың өлеңі оқылды. Тәуелсіздік үшін жан аямай күрескен батырлардың ерлік істері көпшілікке айтылды.
Шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың жадында "Тәуелсіздік" сөзінің жай ғана әріптер тізбесі еместігін оның астарлы үлкен ойы барын ұғындыру. Аңсап жеткен егемендіктің қадірін білуге, Отанды сүюге, патриотизмді балалық шақтан бастап ұғынуға, ата-ананы қадірлеуге тәрбиелеу!
Шараға 8-9-10-11 сынып оқушылары және жетекшілері, мектеп әкімшілігі, бастауыш сынып оқушылары қатысты.
#біртұтастәрбиемаңғыстауоблысы #тәуелсіздікке33жыл





