ЖББ Қарақұдық мектебінде «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» мерекелік концерті өтті. Мерекелік концертті ұйымдастырушы тәрбие жөніндегі орынбасарлар.
Шараның мақсаты: білім алушылар мен қатысушыларды тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу; Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу. Патриоттық тәрбие беру.
Мерекелік концерт "Наз" би ансамблінің қазақ биімен ашылып, мерекелік құттықтау сөзге ұласты.
Бұл мерекелік концерттің барысында қазақ хандығының құрылуынан бастап барлық жүріп өткен тарау-тарау жолдардың жаңғырығы мен жетістігі сөз болды. Концертте күй күмбірлеп, ызғарлы желтоқсанға оқушылар арнауын оқып, салтанатты түрде құрмет гүлін қою рәсімі де жасалды.
#біртұтастәрбиемаңғыстауоблысы #тәуелсіздікке33жыл
