Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінде қараша айының жоспарына сай “Жырдың алмасы қылышы…

ЖББ Қарақұдық мектебінде қараша айының жоспарына сай "Жырдың алмасы қылышы – Махамбет Өтемісұлына 220жыл" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Ашық тәрбие сағатын Мадина Ағзамқызы 7 "А" сыныбына өткізді.
Атаулы күндерге байланысты берілген шараны қойылым қоюмен ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаттың мақсаты: Ұлы күрескер Махамбеттің тарихи тұлғасы, дауылпаз ақындығы мен сазгерлік қабілет-қасиетін, ұлтжанды нағыз батыр екенін ұғындыру.
Басты құндылық: қоғамға қызметт.

Тәрбие сағатына БОІМ Айгүл Доғдырбайқызы, ДТІЖО Нұркелді Жұмабекұлы және ата-аналар қатысты.
Тәрбие сағатында оқушылар Махамбет Өтемісұлының батырлығын сахналап, ақынның отты жырларынан үзінділер оқыды.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы_

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *