ЖББ Қарақұдық мектебінде желтоқсан айының жоспарына сай 4 “А” сынып оқушыларына Күмісай Ұзақбайқызы “Кітап – біздің досымыз” атты тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: кітап – сарқылмас қазына, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
Ашық тәрбие сағаты шаттық шеңберін құрумен бастау алып, тәрбие сағатының тақырыбын ашу мақсатында жұмбақтар жасырылды.
Жұмбақтардың шешімін тапқан білім алушыларға “Кітап” сөзінің қай тілден енгенін, оның мән-мағынасын түсіндіріп өтті.
Одан әрі тәрбие сағаты “Ой қозғау” стратегиясымен жалғасып мұғалім оқушыларға 2 сұрақ қойды.
1.Кітап – неден жасалады? 2. Қалай жасалады?
Оқушылар көп ойланбастан жауап беріп тәрбие сағаты “Кітаптар мұңы” көрінісіне ауысты. Көрініс барысында кітаптар мектептің отын қоймасына келуі, Адырбай мен Сотқарбай сияқты бұзық балалардың қолына түсіп қор болғаны суреттелді. Сөйлетсең жансыздың да айтар мұңы бар демекші жақсы оқушының қолына түскен кітаптың да қуанышы сөз болды. Осы көріністі көрсету арқылы кітаптың білім көкжиегінде алар орнының маңыздылығын дәлелдеп берді.
Тәрбие сағатында көріністен соң сергіту сәті болып, топпен жұмыс жасалды. Үш топқа бөлінген оқушылардың жасаған жұмыстары:
1.Кітапты күтіп ұстау ережесін айту;
2.Кітап туралы мақал-мәтел айту;
3.Кітаптың оқушыға пайдасы;
Тәрбие сағатының соңы кітап ауруларының түрлері (батпаққа тастау, жырту, сызу, сия тамызу, түптемеу, май қолмен ұстау т.б) үш тілде айтылып, сынып жетекшінің қорытынды сөзімен аяқталды.
Тәрбие сағатына барлығы 18 оқушы қатысты.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы







