ЖББ Қарақұдық мектебінде желтоқсанның 26-сы күні 3-сыныптар арасында мектепішілік жоспарға сәйкес “Тәуелсіздік-тұғырым”атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысты ұйымдастырған Айгүл Доғдырбайқызы.
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайшылықпен келген жоқ. Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылды. Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізді.Мектепішілік жоспарға сәйкес 3-сыныптар арасында «Тәуелсіздік-тұғырым”атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.Мақсаты:Оқушылардың өлең оқуға қызығушылығын арттыру, тәуелсіздік туралы білімін кеңейту, сайыста белсенділігін таныту, отансүйгіштіккке тәрбиелеу.
Сайысқа әділқазы құрамына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Гүлнұр Ерболатқызы, Нұркелді Жұмабекұлы, Жеңісгүл Қамқарбекқызы тағайындалды.
Әділқазылардың шешімімен оқушыларға орын берілді.





