Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде ұлттық
бірегейлікті сақтай отырып "Әжемнің үлгілі өнегесі" тақырыбында Гүлнар Жакиева әжеміз бен Беген Гүлбахрам оқушымыздың керемет жұмысы. Қысқы демалыс уақытын тиімді өткізіп отырған оқушымыздың жұмысын назарыңызға ұсынамыз.
Оюлы ақ текеметтің үстінде, қазақша киіммен жайнап отырған оқушымыз әжесінен "Бес тас" ұлттық ойынын үйреніп, күмбірлете күй тартып көптің көңілінен шығары сөзсіз.
"Ел болам десең, бесігіңді түзе" деген халқымыз ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына бала кезден сіңіріп отырған. Соның бір дәлелі осы жұмыс.
Әжесінің үлгілі өнегесін ұстанған ұрпақ ертеңгі елдің нағыз ұлтжанды тұлғасы болып өсері сөзсіз!
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #әжелермектебі #ұлттыққұндылық #ұлттықойын_ұлтқазынасы
