ЖББ Қарақұдық мектебінде жоспарға сай "Әжем айтқан ертегі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатқа ата-аналар, БОІМ Айгүл Доғдырбайқызы, ДТЖО Нұркелді Жұмабекұлы және мұғалімдер қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға ертегі әлемі, ертегілердің түрлері туралы түсінік беру.
Ертегілер туралы түсініктерін кеңейту,ертегі тыңдауға, айта білуге үйрету.Әженің ертегісі арқылы ертегіге деген қызығушылықтарын, ой-қиялдарын дамыту. Ертегілер арқылы мейірімділікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
Ашық тәрбие сағаты жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Жауапты МАД "А" тобының жетекшісі Күмісай Орақбайқызы. Тәрбие сағаты балапандардың шаттық шеңберін құруымен бастау алып, әрі қарай ертегі айтатын Тоқтасын әжемізді қарсы алумен ұштасты. Балаларға базарлық қылып "Кім мықты?" ертегісін айтып берген әжеміздің ертегісін балалар түсініп тыңдап, талқылады. Сонымен қатар тәрбие сағатында балалар "Мақта қыз" ертегісін сахналап көруге келген көрермендердің көзайымы болды. Әрбір рөлді сомдаған балалардың костьюмдері, сөйлемдерді құрай білуі мектепке дейінгі білім алушылар үшін өте жақсы көрсеткіш!
Тәрбие сағатының соңында балалар ертегі айтқан әжесін қуантып бірге "Әжем айтқан ертегі" әнін шырқады!
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы_












