Skip to content

9 “А” сыныбына “Кітап – біздің досымыз” тақырыбында тәрбие сағаты…

9 “А” сыныбына “Кітап – біздің досымыз” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
⠀"Балалар кітапханасы" жобасы негізінде білім алушыларға берілген кітаптарды оқудың негізгі талаптарына сай керемет шара өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты:
* оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру;
* кітап оқудың адамның рухани дамуына, дүниетанымының кеңеюіне әсерін көрсету.

Тәрбие сағаты барысында оқушылардың пікірін ояту үшін «Егер кітап дос болса, оның қандай қасиеті болар еді?» сұрағына қызықты жауаптар берілді. Оқушылар мектеп кітапханасынан жасөспірімдер мен балаларға арналған кітаптарды таңдап алып, сол бойынша топқа бөлінді. Олар:

📚Сайын Мұратбековтың “Жусан иісі”
📚Йоханна Спиридің “Хайди ”
📚Джоан Роулингтің “Гарри Поттер”

Оқушылар үш топқа бөлініп, әрқайсысы өз кітабы мен кітап кейіпкерлерінің ерекшеліктерін постер және презентация түрінде қорғап шықты. Әр топ аталған кітаптардың ұқсастықтары мен айырмашылығын талдап, ортақ құндылықтарды анықтады. Оқушылар өздеріне ерекше әсер еткен шығарманы таңдап, сол бойынша пікір білдірді.

#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы_

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *