Тұрар Рысқұлов – 130 жыл тәрбие сағаты.
29.01.2025жылы 4ә сыныбының «Тұрар-тарихи тұлға» атты Т. Рысқұловтың 130жылдығына орай ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға XXғасырдағы қазақтың саяси, қоғам қайраткерлерінің бірі, ұлт мақтанышы Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы мағлұммт беру. Қажырлы еңбегін түсірдіре отырып, оқушылардың азаматтық ұстанымын және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімін күшейту, өз елін, тарихын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақ 5бөлімнен тұрады.
1. Т. Рысқұловтың өмір жолы. Бейнебаян тамашалап, тест арқылы сұрақтарға жауап беру.
2. Тұрар туралы 10дерек. Оқушылар өздері ізденіп алып келген ақпараттарымен бөлісу.
3. Кітап көрмесі. Кітапханашылармен кездесу.
4. Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» повесі желісінде түсірілген «Қызыл жебе»атты 10бөлімді сериалдан үзінді тамашалау.
5. Шығармашылық тапсырма. Тұрарға хат. Оқушылар қоғам қайраткеріне тілектерін арнайды.
Тәрбие сағат соңы Тұрар аңсаған бақытты елдің ұрпағы, оқушымыз, сынып белсендісі Убайдулла Сезімнің «Жайна туған елім» әнімен аяқталды.
Тәрбие сағатқа 19оқушы қатысты.#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы








