Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінің “Өзін-өзі басқару” ұйымының оқушыларымен бірге дөңгелек үстел…

ЖББ Қарақұдық мектебінің "Өзін-өзі басқару" ұйымының оқушыларымен бірге дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері».
Жоспарға сай шара барысында ДТЖО оқушыларға Қазақстан Республикасының Әнұранын, Елтаңба мен Тудың қастерлі екенін түсіндірді.
Расында әрбір рәміздің туындау тарихы, бейнелерінің өзіндік мәні бар. Оқушылар дөңгелек үстел барысында Әнұранның авторларының кім екенін айтса, Елтаңбадағы жеті атаның белгісін бірі білсе бірі білмейтіні белгілі болды. Әрине әрбір іс-шараның өтуінде мақсат болады. Бұл дөңгелек үстел барысында оқушыларға Елтаңбаның толық құрылымы түсіндірілді. Көк аспанда қалықтаған қыран мен жарқыраған күннің бейнеленуі мәңгілік Қазақстанның бейбіт ел екендігінің анық бір көрінісі болытыны айтылды.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#ҚРрәміздері

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *