Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының “Шабыт” жобасы аясында білім…

ЖББ Қарақұдық мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Шабыт" жобасы аясында білім алушылар арасында ерекше сайыс өтті. Бұл сайыстың ерекшелігі мектебіміздегі егіз білім алушылардың өнер бәйгесінде бақ сынауы. Өнерпаз оқушыларымыздың жанында аналары, әжелері болып бірге жеңіске жетті.
Жалпы сайысқа барлығы 5 жұп қатысты. Сайыс ережесіне сай оқушылар жеті атасын қосып таныстыру айтты, өз өнері бойынша ән салып, би биледі, анамның асыл тағамы номинациясы бойынша кез келген дәмді ас мәзірін дайындады және ең соңғысы сұрақтарға жауап беріп әділ-қазылардың шешімі бойынша жеңімпаз атанды.

Үштік одақтың жұмысын жандандырып, ерекше егіз білім алушылардың бір-бірімен тығыз байланысын танытатын керемет іс-шара көпшіліктің көңілінен шықты. Шараға жауапты музыка пәнінің мұғалімі Дина Сырымқызы және жетекшілер.
#біртұтас_маңғыстау_облысы
#шабытжобасы #егізлебіз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *