Skip to content

“Мұқағали – мәңгі тарих”! “Шабыт” жобасын негізге алып ​қазақ халқы…

“Мұқағали – мәңгі тарих”!

"Шабыт" жобасын негізге алып ​қазақ халқы қашанда жақсыны асырып, жаманды жұрттан жасырып ел арасындағы бірлік пен бекемдікті қастерлеп құндылыққа балап отырса керек-ті. Қазақтың жүріп өткен шежірелі тарих жолындағы жыраулар, хандар мен шешендер, билер мен ақындар көп. Сол игі жақсыларды сараптап санасаң сан жетпейді. Қазақ әдебиетіне жаңа леп алып келген ақындарымыздың қарасы көп. Солардың бірі де бірегейі, ұлтын сүйген ұлы перзент, ақиық ақын, мұзбалақ ақын атанған Мұқағали Мақатаев. Жұрт жыл айналып ақпан айы аппақ нұрымен енген күннен бастап айдың тоғызын Мұқағалидың мерейлі күні деп біледі.

Мектебімізде “Мұқағали – мәңгі тарих” шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі өткен кеш Мұқағалидың алтын таспада жазылған тұнық дыбыс жазбасын естіртіп, бір сәт үнсіз еске алумен бастау алды. Еске алу кеші ретінде ұйымдастырылған шараның шымылдығы ақынның отты жырларын жас шәкірттердің мәнерлеп айшықтауымен түріліп, одан әрі кеш Мұқағалиға арнау қойылымымен жалғасын тапты. Кешке келген көрерменнің көз алдында Мұқағалидың рухы қайта тірілгендей сезім ұялатқан образ көптің көзіне жас үйірді. Жалған өмірдің келте екенін жырына әсем сезім иірімдерімен қосқан ақынның “Пай, Пай, Өмір!”өлеңі жанды дыбыста айтылып сахна төріндегі мұзбалақ ақынның келбеті ғайыптан келген ақ пейілдей ерекше көрініс сыйлады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *