28.02.2025жыл күні мектебімізде "Алғыс айту" күніне орай алғыс бұрышы жасақталды. Барлық педагогтер, кіші қызметкерлер өздерінің шынайы алғыстарын жүрек пішіндес тілек парақшаға жазып "Алғыс сандығына" салды. Сонымен қатар 2-кезеңнің білім алушылары да осы шараға белсенді қатысады. Алғыс бұрышын жасақтаудың мақсаты – алғыс айтудың маңыздылығын насихаттау, ризашылық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеу болды.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#алғысайтукүні❤




