Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінде 28.02.2025 ж “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” тақырыптарының…

ЖББ Қарақұдық мектебінде 28.02.2025 ж “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” тақырыптарының бөлінісіне сай 10 сынып жетекшілері болып “ Үйден тыс тамақтану” Тақырыбында ата-аналарға жиналыс өткізді. Жиналысқа 12 ата-ана қатысты. Психологиялық ахуал орната отырып, 2 топқа бөлу арқылы жиналысты бастады. Жиналыста “Неліктен бала үйден тыс тамақтануға құмар” деген сұрақтың алдын алу туралы видеоролик көрсетіліп талқылау жұмыстары жүргізілді. Осы орайда топтық жұмыс берілді. “Қағаз ұшақ” әдісі бойынша аналар жағымсыз тұстарын жазып , ұшырып тақырыпты қорғап шықты. Тақырыпты қорытындылау мақсатында “3-2-1” әдісі бойынша аналар 2 жағымды жағын, 1 тілегін жазып қалдырды. Және аналардың көңіл күйлерін көтеру үшін Психологиялық тренинг жүргізілді.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_маңғыстау_облысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *