Skip to content

Сәлем ету – дәстүр. Наурызнаманың 10 күндігі аясында 14-наурыз “көрісу…

Сәлем ету – дәстүр.

Наурызнаманың 10 күндігі аясында 14-наурыз "көрісу күні".
Бұл күн күн мен түннің теңелетін керемет кезі. Жер ана жаңарып, қыстан аман шыққан ел бірімен-бірі құшақтасып көрісетін күн. Ақ мол болсын деп ақжарма тілектер айтылатын, береке мен бақыт тілейтін ғажап күн.
Осынау тамаша күні 40 үйдің отанасы бір мезетте сәлем ету шарасы өтуде. Сәлем ету ерінің амандығын тілеу деп те айтылады.

Келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі мен сәлемі. Беташар кезінен бастап сәлем ету басталады. Сәлемді ата-баба салтымен иіліп немесе тізесін бүгіп салады. Ал сәлемге ие болған адам: – Бақытты бол, балам! – деп ықыласын білдіреді немесе қарт аталар мен аналар жас келіннің маңдайынан иіскеп, бақыт пен берекет тілейді. Жас келін бір үйдің берекесін кіргізетін болашақ ана болғандықтан, ата-ене үйлі-жайлы болып, бала-шағалы болуларына үлестерін қосады. "Жақсы келін – қызыңдай, жақсы күйеу – ұлыңдай" деп қазақ даналары бекер айтпаған.

Келін үлкендер алдында орамал тартып жүреді. Ол да ұлкендерге көрсеткен құрмет.
#nauryznama2025

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *