Көктемгі демалыс кезінде бастауыш сынып оқушылары түрлі қызықты әрі пайдалы шараларға тартылды. Олар тіл үйрену, бөлме гүлдерін күтіп баптау, "Математиканың сан қыры", "Асық ату", Мықты болсаң тауып көр, т.б. шараларға белсене қатысып, уақытты тиімді пайдаланды.
2-сыныптың оқушылары кабинеттеріндегі гүлдерге демалыс кезінде келіп күтім жасады. Жасыл желекке оранған оқу кабинеттерінің тазалығын, гүлдердің күтімін ерте жастан үйрету оқу процесін жүргізумен қатар тәрбие бойынша да педагогтердің басты миссияларының бірі.
#көктемгідемалыстыұйымдастыру
#балалардыңуақытынтиімдіпайдалану



