Көктемгі демалыс кезінде бастауыш сынып оқушылары түрлі қызықты әрі пайдалы шараларға тартылды. Олар тіл үйрену, бөлме гүлдерін күтіп баптау, "Математиканың сан қыры", "Асық ату", Мықты болсаң тауып көр, т.б. шараларға белсене қатысып, уақытты тиімді пайдаланды.
Оқушыларымыз демалыс күндері болса да мектеп формасын сақтай отырып асық ойнауға келді.
Асық ату – ұлттық ойынның бір түрі. Ертеден келе жатқан ойынның жасөспірім балалардың бұлшық еттерінің қатаюына, қол моторикасының дамуы мен шапшыңдықты үдетуге әсері керемет. Ұлттық ойын ойнатып құндылықтарды дәріптеген сынып жетекшілерге мың алғыс!
#көктемгідемалыстыұйымдастыру
#балалардыңуақытынтиімдіпайдалану

