5 – қазан ҰСТАЗДАР КҮНІ!
Білім ордамызда мерекеге орай салтанатты концерт өтті. "Мектеп жүрегі – ұстаз" атты концерттік іс-шараның шымылдығын биылғы 2023-24оқу жылында еңбек жолын бастаған жас мамандарға тілек хат тапсырып, барша ұжымға ақ тілегін арнаған мектеп басшысының құрметімен бастау алды!
Кәсіподақ төрайымы Мадина Ағзамқызы облыстық кәсіподақ атынан ҚҰРМЕТ ГРАМОТАсын тапсырып, мерекелік сыйлықтар беріліп ұстаздарға құрмет көрсетілді!
Бостан ауылдық әкімдігінің бас маманы концертке қонақ болып қатысып, ауыл өмірі мен білім саласына қосқан үлесі үшін бірнеше ұстаздарға әкім алғыс хатын тапсырды!
Мерекелік концерт ән шашу мен би шашуға ұласып жақсы іс-шара өтті!
#біртұтас_тәрбие
