3 "Б" сыныбына жетекшісі Ләйла Сауытбекқызы "Тіл-халық мұрасы" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың ойлау деңгейін көтеру, тілдің маңызын түсіндіру.
Тәрбие сағатының өту форматы жетекшілердің шығармашылығына байланысты. Ләйла Сауытбекқызы сыныбына зияткерлік сайыс ретінде өткізді. Алдымен оқушыларды дауысты, дауыссыз дыбыстар арқылы карточка таңдатып топқа бөлді. Топқа бөлінген оқушылар 5 кезеңде сайысқа түсіп тілге байланысты сұрақтарға жауап берді. Жуан және жіңішке дыбыстардан сөз құрастырып, сергіту сәтіне де белсенді қатыса білді.Сайысқа түскен оқушылар білімдерін дәлелдеп жақсы шара өтті.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау #ашықтәрбиесағаты
