27.09.2024жыл күні білім беру ұйымында ата-аналар мен педагогикалық ұжымның қатысуымен "Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі" тақырыбында офлайн форматта жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарға буллингтің түрлері, интернеттегі алаяқтық, қауіпті ойындар және отбасындағы тәрбиеге қатысты бейнематериал көрсетілді.
Жиналыс барысында көтерілген мәселелер:
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың
әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Бұл мәселе бізді алаңдатып отыр,
себебі оқушылар кейде желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып,
тіпті өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болуы мүмкін. Бұл
– отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі,
әрқайсымыздан сақтықты талап етеді. Біз осы орайда мынандай алғы шарттарды, құндылықтарды тиімді жүзеге асыруымыз керек. Балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін «Заң және тәртіп
құндылығына сәйкес алдын алу шаралары мен әлеуметтік жобалар
жоспарланып, іске асырылуда:
Олар:
– «Буллингсіз әлем»,
– «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»,
– «Буллингтен қорған»,
– «Қауіпсіз қоғам»,
– «Қоғамдық мүлікті қорға»,
– «Өмірге салауатты қадам»
Біз «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде саналы шәкірт, сапалы ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Жиналысқа келген Жайық атамыз білім беру ұйымының жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Жиналысқа келген ата-аналар ойын ашық жеткізіп шара танымды, тұшымды аяқталды!
#біртұтастәрбиемаңғыстауоблысы #буллингсізәлем
