26.01.2024жыл күні "Төле би бабамызға – 360 жыл" тақырыбын арқау етіп 3 "а" сыныбы тәрбие сағатын өткізді.
Қазақ халқының халық болып қалыптасу жолында орны ерекше тұлғаның бірі – Төле би.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) — қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі.
Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған.
#біртұтас_тәрбие
