Skip to content

25-мамыр «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында 2024 жылғы мектеп бітіруші…

25-мамыр «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында 2024 жылғы мектеп бітіруші түлектердің салтанатты шарасы өтті. Шараға ата-аналар, «аналар» мектебі төрайымы Дауылбаева Бақтыгүл апай, «Қамқоршылық кеңес» төрағасы Мұқанов Бисенбек мырза және 10-30 жылдық түлектер қатысты. Салтанатты жиын ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Мектеп басшысы Айгүл Доғдырбайқызы құттықтау сөзін сөйлеп, түлектерге сәт сапар тіледі. Алдағы ҰБТ-де биіктен көрінуге тілектестігін білдірді. Оқу мен тәрбиедегі жеткен жетістіктері үшін оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Биылғы оқу жылында 11-сыныптардан 4 оқушымыз үздік аттестатқа үміткер болып отыр. Барлық білім алушыларға сәттілік!
Соңғы қоңырау шарасында өнерлі оқушыларымыз өз өнерін ортаға салып, ардагер ұстаздар түлектерге ақ тілектерін арнады. Шара өте жоғары деңгейде аяталды!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *