25-қазан Республика күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Жиын ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранын шырқаумен бастау алды.
Мектеп директоры Нұрқасым Хақбердіұлы құттықтау сөз сөйлеп мерекемен барша әріптестер, оқушыларды құттықтады. Жылы лебіз күзгі демалыс күндерін жеткізу, алдағы жақсы күндерге сәттілік тілеумен жалғасты.
Шара барысында елдік рухтың символына айналған Ескендір Хасанғалиев орындайтын "Атамекен" әні шырқалып білім алушылардың көздерінен от, дүрсілдеп соққан жүректерінен Отанға деген ыстық махаббаттың бары сезілді.
Қатысқан оқушы саны: 172. Мұғалімдер саны: 35 мұғалім.
Еңселі елдігіміз мәңгі болсын!
#республикакүні2024
#біртұтас_тәрбие_маңғыстауоблысы
