Skip to content

24.09.2021 жыл күні «ЖББ Қарақұдық мектебі» КММ-де ZООМ платформасы арқылы…

24.09.2021 жыл күні «ЖББ Қарақұдық мектебі» КММ-де ZООМ платформасы арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында мектептегі барлық сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Мектеп басшысы Айгүл Доғдырбайқызы ата-аналардан заңсыз ақша жинау, бағалы сыйлықтар талап ету, оқушылар арасында ақша жинау мәселелері туралы бұйрықпен таныстырды. Мектепте қазіргі таңда құқық қорғау органында тізімде тұрған оқушы жоқ. Мектептің ішкі тәртібін сақтау үшін сыныптан тыс шараларда жасалуда. Мектебімізде қазіргі таңда құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жасалып жатырған іс-шараларды ДТОЖ Ұзақбаев Нұркелді айтып өтті. Мектеп дәлізінде арнайы оқушылар арасында сыйластық, сенім мен адамгершілік қасиетті дамыту мақсатында «Адал ұрпақ» дүкені жасақталды. Қазір апта бойы жұмыс жасауда. Анонимді түрде оқушы өз жағдайын жеткізу үшін «Сенім жәшігі» жасалды. Аталған жәшік камерамен қамтылған мектеп дәлізіне орналастырылған. Бұл анонимді шағымдар бойынша міндетті түрде қорытындысы шығарылып отыратын болады. Мектеп БАҚ құралдарында «Сенім телефондары» көрсетілген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *