21.02.2025 ж Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” тақырыптарының бөлінісіне сай 7 сынып жетекшілері болып “Сіздің балаңыз төтенше жағдайға дайын ба?" тақырыбында ата-аналарға жиналыс өткізді. Жиналысқа 16 ата-ана қатысты. Психалогиялық ахуал орната отырып, топқа бөлу арқылы жиналысты бастады. Жиналыста Төтенше жағдайдың алдын алу туралы видеоролик көрсетіліп талқылау жұмыстары жүргізілді. ТЖ байланысты тақырыптардан топтық жұмыс берілді. Мақал- мәтел, дәйексөздер айтылып тақырыпты қорғап шықты. Тақырыпты қорытындылау мақсатында киіз үйдің сұлбасын құрастырып шықты. Ата-аналардың көңіл күйлерін көтеру үшін психологиялық тренинг жүргізілді.
#атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы
