Skip to content

2024-2025 оқу жылының қорытынды шараларының бірі “Мектебім, саған мың алғыс”…

2024-2025 оқу жылының қорытынды шараларының бірі "Мектебім, саған мың алғыс" тақырыбында салтанатты шара өтті.
Шараға Бостан ауылының әкімі Шаттық Сырымұлы, "Қамқоршылық" кеңес төрағасы Бисенбек Жеткізгенұлы, "Аналар" кеңесі төрайымы Бақтыгүл Әлқуатқызы және ардагер ұстаздар, ата-аналар, пән мұғалімдері қатысты.
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран деп ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны шырқалып шара бастау алды. Құттықтау сөз сөйленіп аудандық деңгейде оқушыларға марапаттар табысталды. Алтын ұя мектебін сағынып жеткен түлектер мен ұстаздары ақ тілектерін арнады. Ауылдан шыққан талантты ағамыз Қонашов Қуаттың шығармашылығына негізделген кітаптар мектеп мұражайына, кітапхана табысталды. Бұл – ұрпаққа үлгі боларлық дүние болды. Шара биылғы жас түлектердің әдеби монтажымен аяқталды.
#мектебімсағанмыңалғыс

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *