2024-2025 оқу жылында қысқы демалыс кезінде өтетін іс-шаралар жоспарына сай 6-8 сынып ер балалары арасында ұлттық ойын түрі асық атудан жолдастық кездесу шарасы өтті.
Шараны ұйымдастырушы Самиға Қорғанбайқызы.
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #ұлттықойын_ұлтқазынасы #асықатуойыны
