2024-2025 оқу жылында "Даналық мектебі" өз жұмысын жоспарға сай жасап бастады.
"Даналық мектебі" клубы қызметінің негізгі мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.
Асыл текті әжелеріміздің ақылы-өсиетке толы әңгімесі, баланы болашаққа баулитын ертегісі, бүгінгі ұрпақтың жүрегінің түкпіріндегі аяулы қасиеттің символы ол – әже.
Білім алушыларымыздың он саусағынан өнер тамған әжелері жетерлік. Ауыл әжелерінің бірлесіп текемет басуы, оқушыларымызға ұршық иіруді үйретіп текемет бетіндегі оюдың түрін, оны оюды үйретіп отырғаны нағыз даналықтың көрінісі.
Бинепесова Жамила оқушыларымен әжелерімізбен бірге текемет басып құндылыққа толы сабақ өтіп келді.
#біртұтастәрбие_маңғыстауоблысы #даналықмектебі







