2024-2025 оқу жылында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектебімізде "Жобалар шеруі" іске асыру жоспары жасалған болатын.
Бостан ауылының мекемелері арасында ұйымдастырылған бұл жобамыз "Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс" мақаласын негізге алып өткен болатын.
Сәуір айында қойылым қою және бейнеролик сайыстары өтсе, бүгін NewIQ quizz интеллектуалды сайысы өтті. Берілген турлардың сұрақтарына жауап беруге әр мекемеден 2командадан қатысып нәтижесінде 1-орын Қарақұдық мектебі, 2-орын Мәдениет үйі, 3-орын Балабақша ұжымы алды. Сонымен қоса "Үздік ойыншы" номинациясын Өркен балабақшасының қызметкері Ақшабаева Жібек жеңіп алды.
Жобамыздың марапаттау кеші гала концерт ретінде айдың 23-ші жұлдызы күні өтетін болады.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #еңбегіадалжасөрен #смартбала #шабыт #бірлікжәнеынтымақ








