2024-2025 оқу жылы бойынша жас мамандарға арналған жылдық жоспары жасақталып, бекітілді. Қыркүйек айында өткізілген іс-шарада ең алдымен мектебімізге жұмысқа орналасқан жас мамандармен танысу сонымен қатар жас мамандар өзара және әрбір жас маманға тағайындалған тәлімгерлермен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Мектебімізге Байсариева Таңшолпан қазақ тілі мен әдебиеті, Қалбаева Гүлназ математика , Ербол Падиша орыс тілі мен әдебиеті , Жолдасбек Іңкәр орыс тілі мен әдебиеті , Сәуірбаева Гүлназ математика , Мұханбетқалиева Аида химия , Төлепбаев Еркін тәлімгер болып қызметке орналасты. Жоспар бойынша «Қош келдің, жас маман» танысу тренинг өткізілді.Мақсаты: Жас мамандарды жаңартылған білім беру мазмұнында жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы ізденімпаздыққа тәрбиелеу және өзінің тәжірибесінде оқушылардың білім сапасын арттыру, жан-жақты дамыту. Жас мамандарға жалпы мақсаты, міндеттері, жас мамандармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістер,пайдалы кеңес, 130 бұйрықпен жасалған ҚМЖ туралы да айтылып өтті. Биылғы оқу жылынан бастап мектебімізде «Жас толқын» клуб ашылды және мақсат, міндеттерімен таныстырылды.







