2023-2024 оқу жылының тағы бір маңызды кездесуі өтті.
«Деструктивті діни ағымның ықпалына түскен адамдардың бойындағы өзгерістер» тақырыбында мектебімізге арнайы дін маманы «теолог» келіп оқушылармен кездесу, түсіндіру бағытында жиналыс өткіздік.
Жиналысқа ДТЖО Әсел Нұрболатқызы, сынып жетекші әріптестер мен пән мұғалімдері қатысты.
Сонымен қатар жиналыстың негізгі қонағы Діни істер басқармасының теолог маманы, исламтанушы Бақытжанұлы Ержан мырза келді.
Қазіргі таңда қоғамның өзекті мәселесінің бірі өзге ағымға еру, ұялы телефондағы уағызшылардың дұрыс,бұрыстығын білудің маңызы туралы кеңінен сөз қозғап түсінік жасады. Мектеп жасындағы және жасөспірім жастағы оқушылардың басты мақсаты діни істермен айналысу емес, сапалы білім алу жақсы маман болуға талпынып, ата-ананың үкілі үмітін ақтау екені айтылды. Оқушылар жиналыс соңында кері байланыс жасап, сұрақтарын қойып жауап алды.
#аймақтағыдіниахуал
#теологмаманменкездесу
#біртұтастәрбие

