2023-2024 оқу жылының басында "Қоғамға қызмет" жобасы бастау алды.
Бұл шара Қарақұдық орта мектебінде қызмет еткен, шәкірт тәрбиелеп ел алғысына бөленген ардагер ұстаздардың өмірі мен еңбек жолын өскелең ұрпаққа насихаттау.
Аталған шараның кезегі "Дене шынықтыру және АӘД" бірлестігінің апталығында жүзеге асты.
Ардагер ұстаз 1988-1995 жылдары мектебімізде спорттық бағытта талай дарабоздарды дүркіретіп дайындаған, темірден түйін түйген шебер, әртүрлі спорт түрлерінен аудандық, облыстық, республикалық кезеңдердің жеңімпазы атанған Алдашов Қобылан ағайға арналды.
Еңбек жолының біршама кезеңін Қарақұдық орта мектебінде өткізген Қобылан ағайдың отбасы мектепке келіп қонақ болды. Ұл-қыздары әннен шашу шашып, керемет күй ойналды. Қобылан ағайдың жары Набат апай мәдениет саласының қызметкері болып жұмыс жасаған ауылға үлкен сағынышпен келіп, ақ тілегін ұйымдастырушыларға алғыс тілегін арнады!
Бірлестік мұғалімдері ағайдың еңбек жолынан көрініс көрсетіп еске алды!
Қобылан ағайдың құрдастары, көршілері, үзеңгілес достары келіп керемет естеліктерін айтып еске алды!
Жарыста киген "борцовка" құнды отбасылық жәдігерін ағайдың жолдасы НАБАТ апай мектеп мұражайына табыстады.
