Skip to content

2021-2022 оқу жылындағы 6-10 қыркүйек аралығында “Отбасы-бақыт мекені” атты апталығына…

2021-2022 оқу жылындағы 6-10 қыркүйек аралығында "Отбасы-бақыт мекені" атты апталығына орай жоспар жасақталып, біршама іс-шаралар атқарылды. Атап айтар болсақ, 06.09 күні "Менің отбасым' тақырыбында 3-5сыныптар аралығында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 35 оқушы қатысып, ерекше көзге түскен оқушылар марапатталды. 9-11сынып оқушылары арасында "Ынтымақты отбасы" тақырыбында шығармалар байқауы ұйымдастырылып, жүлделі І-орынмен Қылышбай Айна, жүлделі ІІ-орынмен Ұзақбай Мөлдірай, жүлделі ІІІ-орынмен Ербол Дария марапатталды. Сондай-ақ 6-8сынып оқушыларының әкелері арасында онлайн форматында(google форма арқылы) сауалнама алынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *