Skip to content

19.09.2024 жыл күні жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс «Баланың бас…

19.09.2024 жыл күні жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында өткен болатын. Жиналысқа мектеп директоры Турсабеков Нұрқасым Хақбердіұлы, ОІМ Феруза Теңелқызы, мектеп инспекторы Құттымұратов Ермағанбет, ата-аналар, психолог, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері қатысты.
📌Мектеп директоры Турсабеков Нұрқасым Хакбердіұлы жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, ата-аналармен танысты.
Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, алдағы оқу жылындағы нақты мектептің мақсаты мен міндеттерін таныстырды.
📌Сонымен қатар жиналыс барысында жаңа оқу жылында мектеп пен ата-ана арасындағы келісім шарт таныстырылды. Келісім шарттың ішінде білім беру ұйымының, ата-ананың, оқушының міндеттері жеке көрсетілген.
📌Мектеп инспекторы ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу, рұқсатсыз кәмелеттік жасқа толмай көлік басқару, мопед жүргізу, кешкілік жүрмеу, ата-ананың құқықтары және зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бойынша ақпарат берді.Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігінің басты орында екенін айтып түсіндірді. Қауіпсіздік шараларына: терезелерден құлау, ашылған құдық, қараусыз қалған ғимараттар, жол қауіпсіздігі, ойындарға салауатты көзқарас туралы түсінік жасады.
📌Мектеп психологы Ынталы Саламатқызы ата-аналарға «Әрбір бала жұлдыз, жарқырауға көмектес» тренинг ұйымдастырды.
Тренингтің мақсаты: бірлескен тәрбие арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу!
📌ДТЖО Нұркелді Жұмабекұлы 2024-2025 оқу жылындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, құндылықтар мен апта дәйексөзі туралы ата-аналарға ақпарат беріп жаңа оқу жылындағы тәрбие бағыты бойынша өзгерістерді көрсетті.
📌Жиналысқа келген ата-аналар сұрақтарын қойып жауап алды. Әлеуметтік педагог Ағзамқызы Мәдина асхана бойынша ыстық тағаммен қамту, тамақтың сапасы бойынша ата-аналар сұрағына жауап берді.
📌 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мектепте іс-шаралар өтетіні туралы айтылды.
2024-2025 оқу жылының алғашқы жалпы ата-аналар жиналысы «Білім ұшағы» жаңа форматта өтті. Ата-аналарға билеттер ұсынылып, оқу жылының соңында биік белестерді бағындырып ұшақты сәтті қондыруды мақсат етіп отырғаны айтылды.
#біртұтастәрбиемаңғыстау
@1tutas_tarbie_mangystau @karakia_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *