17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні еліміздің ұлттық мұрасына деген құрметімізді арттырып, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын айқындайды. Наурыздың тарихы тым тереңде.
Наурызнама онкүндігі аясында "Әжелер мектебі" мүшесі Жакиева Гүлнар әжеміздің ұрпақтан ұрпаққа аманат болып келе жатқан шеберлік видеосы.
Бұл видеода әжеміздің қазақтың қолөнер мәдениетін дамытудағы еңбегі анық көрініп отыр.
Қарапайым қойдың жүнінен текемет, түскиіз, сырмақ, бөстек, аяққап, кебеже, байпақ секілді дүниелерді жасап, қажетіне жарата білген қазақ халқының шеберлігіне таңғалмау мүмкін емес. Күзем алу маусымында ұлан-асыр думан жасап, киіз басып, сырмақ сырған қазақ халқының осы дәстүрі бүгінгі күні ұмыт бола бастаған. Осы дәстүрді жаңғыртып көпшілік назарына ұсынып отырмыз.
Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.Таңғыш құрын тоқу үшін бояулы жіп, сырғалақ, арқау,қылыш қажет.
Қазақ халқының қолөнерінің арнасы өте кең түрі сан алуан. Малдың жүні қазақ тұмысына кеңінен қолданылады. Оның ішінде қой және түйе жүндері ерекше орын алады.
Бояулы жіп-қой жүнін алынып, йіріп түстердің сай келуіне қарай бояп қолданады.
#nauryznama2025 #Мәдениетжәнеұлттықсалтдәстүркүні
