Skip to content

15-наурыз ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен наурыз мерекесін тойлаудың тұжырымдамасына…

15-наурыз ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен наурыз мерекесін тойлаудың тұжырымдамасына сәйкес «Қайырымдылық күні» болып белгіленді. Тақырыпқа сәйкес 2023 жылдың жазында «Қазақстан халқына қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің 2023 жылғы 15 мамырдағы // 35 шешімімен бекітілген «QH Жаздық Жолдама» қайырымдылық жобасы жүзеге асуда.
Жоба 2023-2024 оқу жылында өз жалғасын табуда. Биылғы 2024 жылда ауылдық жерде тұратын 10-14 жас аралығында мектеп оқитын оқу үлгерімі жоғары, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысушы, олимпиадалар мен ғылыми жоба жеңімпазы атанған 10 оқушымыз Ақтау қаласында орналасқан «Фламинго» демалыс лагерьіне жолдама алды.
Жоғарыда аталған қайырымдылық жобасына арналған сыйақыны Бостан ауылдық округі әкімі Шаттық Сырымұлы арнайы мектеп басшысы Айгул Доғдырбайқызына табыстады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *