10.10.2024ж. күні 8 “Ә” сынып оқушыларының ата-аналары арасында “ Эмоционалды денсаулық және буллингтің әсері” тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты: Зорлық-зомбылық, буллинг,
кибербуллинг анықтама беру;
Қоғамда зорлық-зомбылықтың
болмауына ықпалын тигізіп,
балаларға дұрыс бағыт беру болатын.
Ата- аналар балалар арасындағы буллингтің алдын алу туралы өзара талқылап, әр бала бақытты болуға лайықты екенін, олардың болашағы жарқын болуын ата-ана, ұстаз бірлесе отырып бағыт бағдар берген жағдайда жүректеріне мейірімділік пен сыйластық қарым – қатынасты ұялата алатынын айтып өтті. Әр ана бауыр еті баласына өзінің жүрек жарды тілектерін хат жүзінде жолдады.
Сонымен қатар ата-аналарға "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" бойынша сабақ түсіндірілді. Берілген тақырыптарға сай ата-аналар белсенді қатысып, жетекшіге рақмет алғысын айтты.
#атаналардыпедқолдау
#біртұтастәрбие #біртұтас_тәрбие_маңғыстау
