Skip to content

1-мамыр “Бірлік күні” мерекесіне орай @bostan_madeniet_uyi мен бірлескен достық фестивалі…

1-мамыр "Бірлік күні" мерекесіне орай @bostan_madeniet_uyi мен бірлескен достық фестивалі өтті.
Іс-шараның мақсаты: білім алушыларға ұлтаралық достықты насихаттау, түсіндіру. Әр ұлттың салт-дәстүр, дін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге баулу.
"Қазақстан – алтын ұя, құт мекен" тақырыбында өткен шара ҚР-ның Әнұранымен бастау алды.
Одан әрі шара "Ақсұңқар" дәстүрлі әншілер тобының "Сүгірдің термесі" әнімен жалғасты. Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы шарасындағы түркі тілдес елдердің орындаған ғажап туынды сынды көрерменнің рухын көтеретін керемет ән болды.
Шараға 5-8 сыныптың оқушылары қатысты. Әр ұлт өз тілінде ұлттың тарихын, мәдениетін деңгейіне сай түсіндірді. Таңдалған ұлттың өнері көрсетілді. Сынып жетекшілерге фестивалге жоғары дәрежеде сыныптарын қатыстырғаны үшін алғыс табысталды.
Шараны ұйымдастырған тәрбие жөніндегі орынбасарлар және мәдениет үйі қызмерлері.
1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі – Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым деуге толық негіз бар.
Тату да, бірлігі бекем еліміздің еңсесі әрқашан биік болсын!!!
#бірліккүні🕊️🕊️

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *