Skip to content

1-қыркүйек білім күні құтты болсын! “МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ” атты…

1-қыркүйек білім күні құтты болсын!

"МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ" атты салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын елдігіміздің символы, патриоттық сезім мен ұлтжандылықтың символы болған ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Педагогикалық ұжымның басшысы Айгүл Доғдырбайқызы келген қонақтар мен ата-аналарды, оқушыларды мерекемен құттықтады.
Өткен оқу жылындағы мектеп жетістіктерін айтып, алдағы оқу жылына сәттілік тілеп лебізін білдірді.
Салтанатты жиынға ауыл әкімі Асанов Шаттық Сырымұлы, ақсақалдар кеңесі мүшесі Озғанбаев Бегалы ағай, Аналар мектебінің төрайымы Бақтыгүл Әлқуатқызы, ардагер ұстаз Атшыбаева Оразхан апайлар қатысып, ыстық ықыластарын білдірді.

1-қыркүйек мектеп табалдырығын алғаш аттаған әр шәкірт үшін ерекше күн. Ата-аналардың балаларының қуанышын көріп, шаттыққа бөленентін күні. Ұстаздарымыздың сүйікті оқушыларымен қауышып, жаңа күнді жаңаша бастайтын мерейлі күн! Осындай ғажап мереке барша қазақ еліне құтты болғай!
2023-2024оқу жылында толағай табыстар болсын!
Білім беру процесі дамып, білім ордасының беделі арта берсін!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *